Өлең, жыр, ақындар

Өң мен түс

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 531
Түсімде жерге қонбай ұшып жүрсем,
Өңімде көше кезіп жаяулаймын.
Түсімде бір сұлуды құшып жүрсем,
Өңімде Мәжнүнге таяу қайғым.
Түсімде Бауыржандай батыр-ақпын,
Жауларды топырлатып түйдек қырған.
Өңімде нәп-нәзік бір жапырақпын
Самалға есі қалмай билеп тұрған.
Түсімде аумай тартқан Абай болам,
(Бұл көңіл қашпақ емес алайда одан).
Өңімде өлең келмей, ал ойланам,
Абайдай қалай болам, қалай болам?
Түсімде тарқамайды ән-думаным,
Кеудемнен кетпейді бір көл менен құс.
Өңімде жеткізбейді ал қуғаным,
Кетеді адастырып өң менен түс.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жезқазған туралы жыр

  • 0
  • 0

О, Ұлытау, асқарыңнан қараймын,
Әр тасыңда – қазына,
Әр бұтаңда бар айбын.
Сен болыпсың

Толық

Егерде...

  • 0
  • 0

Қыз – Көкше, құмартады аспан күліп,
Берер ме ең биiгiңе басқанға үмiт.
Егерде Сәкенiңдей ақын болсам,
Мен-дағы жазар едiм дастан қылып.

Толық

Құтты қоныс кез болып

  • 0
  • 0

Құтты қоныс кез болып,
Алты әлемге сөз болып.
Қолға ұстаған топырақ
Құйылыпты жез болып.

Толық

Қарап көріңіз