Өлең, жыр, ақындар

Ерте, ерте, ертеде

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 959
Күн сығалап қарайтұғын теректен,
Арал, Өзен...
Еске түсті кенеттен.
Толқындарды, жағаны ұрып, мені өпкен,
Күнде үйге тасушы едім, шелекпен.

Жетегінде кетіп арман,үміттің,
Өтелмеген, парыз барын ұмыттым.
Бұлағына, бұрымымды өсіріп,
Шуағына, тал бойымды жылыттым.

Тәнге көйлек жабыстырған жаңбырдың,
Әуресімен, бірге тоңған жан құрбым.
Бұлт қалжыңын, көтере алмас ерке едім,
Тас үйлердің, арасында қаңғырдым...

Ұлар аулап, шешіп атам кісесін,
Ұшқаным жоқ, жегенменен құс етін.
Мені «адасып кетпесін» деп ақ тұман,
Ақ боз үйдің іргесіне түсетін.

Тау жаңғырып, қойылғанда есімім,
Ашқан едім, сенде өмір есігін.
Қайтып келер, жыл құсын да қимайсың,
Қайтпайтұғын бар ма бізге кешірім?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мазамды алма менің

  • 0
  • 0

Мазамды алма менің,
Елестер бұлдыраған.
Сендерсіз мені өзіне,
Тартады нұрлы ғалам.

Толық

Анамның дауысы

  • 0
  • 0

Анасының кенже қызы боп еркелейтұғын бұл дауыс,
Әкесі аитқан өлеңді естіп ентелейтұғын бұл дауыс.
Текті бір әулетке ұзатыларда сыңсу да аитқан бұл дауыс,
Әріптеспенен айтысып тойда олжалы қайтқан бұл дауыс.

Толық

Қымыз көңіл

  • 0
  • 0

Шақтарыма қош айтысып мұңайған,
Кешіп жүріп зорға шыққам мың ойдан.
Сағыныштың сары шекпенін лақтырғам,
Салар дейсің жүрекке деп кім ойран.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер