Өлең, жыр, ақындар

Қараша

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 835
Қараша айы, қара суық,
Қара жел тұр аласұрып.
Қарасырап тірлік көзі,-
Қарауытқан қар асынып.

Қарасөзді есіп өлең,
Қарагеуім есінеген.
Қара-құра қарбаласқан,
Қара кеште кешіге ме ел...

Қара ағашта салқын, кәрі,
Қара қарға қарқылдары.
Қарауылдап қойшы малын,
Қаралы мұң-зар тыңдады.

Қараңғыны күткен бөрі,
Қарақшыдай тіктелді өңі.
Қарайлайды қора жаққа,
Қара жоны бүктелмелі.

Қара албасты сұм реңді,
Қара көбең іңір енді.
Қара қағаз хат алғандай,
Қаратау жақ күңіренді.

Қарабайыр ой алмасқан,
Қарабарқын боялды аспан.
Қарасырап тірлік көзі,-
Қалатындай оянбастан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ана тілін ар тұтқан қазақ елі

  • 0
  • 0

Ана тілін ар тұтқан қазақ елі,
Әдебиеті сондықтан ғажап еді.
Бабалардың болмаса тіл мен руһы,
Вандалистке айналуы аз-ақ еді.

Толық

1 х 0 = 0!

  • 0
  • 0

Қай сан болсын көбейт нөлге,- нөлге тең!
Оны бiлмес ғашық жандар кемде кем!
Сендiк сезiм маған деген жоқ, күнiм,
Сондықтан да өзiң үшiн мен бөтен!

Толық

Шыдатпастай құба қайғым

  • 0
  • 0

Шыдатпастай құба қайғым,
Жалғыз келдiм, жұбат, айдын.
Оралмады аққуым сол,
Ләйлiсiндей Жұматайдың.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер