Өлең, жыр, ақындар

Алғашқы қар қызығы

  • 25.10.2015
  • 0
  • 1
  • 4141
Жолдың үсті
Жердің үсті
Ақ жамылған тек қана,
Ұшып жатқан,
Түсіп жатқан ақ түбіт пе, мақта ма?
Алма беті бал-бұл жанған топ бала,
Соғып жатыр аққала.
Жас жігіттің мойнына
Бір бойжеткен бал қылық,
Риза өзі ойынына
Жіберді әне қар тығып.
Жүректерді дәл осындай ақ сезімге толтырып,
О, дүние,
Мәңгілікке пәк күйіңде қал тұрып...



Пікірлер (1)

Зинира

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Барлаушы бақыты

  • 0
  • 0

Дірілдейсің Атырау,
Динамиттен емес аттырған.
Қара моншақ-жақұтыңнан,
Менің шексіз бақытымнан!

Толық

Сәкеннің сымбаттылығы

  • 0
  • 0

Сәкеннің сымбаттылығы,
Бейімбеттің қымбат қылығы.
Қасымның оттылығы,
Махамбеттің өткір үні.

Толық

Шапшаңдықпен деп келесің жолды ұтам

  • 0
  • 0

Шапшаңдықпен деп келесің жолды ұтам,
Жүрісіңе мына досың болды таң.
Асығамыз кабинада қайда біз,
Ентелейміз неге алға оу, Мұқан!

Толық

Қарап көріңіз