Өлең, жыр, ақындар

Барлаушы бақыты

  • 06.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1540
Дірілдейсің Атырау,
Динамиттен емес аттырған.
Қара моншақ-жақұтыңнан,
Менің шексіз бақытымнан!
Күлімдейсің Атырау,
Көзге ұрып ару, жас тұлғаң,
Кемерден асқан тасқыннан.
Төзім көп менде,
Кезім жоқ,
Қиындықтан бас бұрған.
Жолдарды көрсең толассыз,
Ізіміз біздің жосылған.
Сан тарам болып айырылып,
Сан тарам болып қосылған.
Тербейді жанды кей-кейде,
Ән шығып асыл тасыңнан.
Талмаймыз қажып әсте біз,
Жатса да жүзді күн ыстап.
Үмітпен ғана тыныстап,
Түсінде ылғи жүретін,
Фонтанға жуып беттерін.
Қолдарына гүл ұстап,
Барлаушы деген батырмыз,
Төсіңді Ана-Атырау,
Дүбірге бөлеп жатырмыз.
***
Қазақстан,
Ғарышстан,
Дәністан,
Сенің дауысың естіледі алыстан.
Қол соқтырып достарыңды көмбеге,
Жеке-дара келіп жүрсің жарыстан.
Өзің жайлы жырым бөлек
Отаным,
Өн бойыңда жөңкіледі от ағын.
Байқоңыр боп тарихқа жазылды,
Жиырмасыншы ғасырдағы атауың.
Қазақстан,
Ырыстан,
Жырыстан,
Қалған аман талай апат ұрыстан.
Күшін берген әділеттің жолында,
Мүсінделген суарылған құрыштан.
Кең кеудеңде шешек атты қанша арман,
Бәрін сыр ғып,
Бәрін жыр ғып тауыса алман.
Қажымұқансың Токиода белдескен,
Әміресің Парижде ән салған.
Қазақстан,
Думанды елім,
Өр елім,
Ондаған ел сиятындай көлемің.
Сосын сені мұнаралар мекені,
Шырайстан,
Мұнайстан,
Дер едім!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ей, адамзат!

  • 0
  • 0

Ей, адамзат!
Райхан гүлдер солмасын,
Бақыт құсын қондыратын қолға шын.
Жыламасын жарын күткен жас ана,

Толық

Қадірбайдың дәптеріндегі екінші өлең

  • 0
  • 0

«Атырауым,
Бұлтын серпер аспанның,
Шат ордасы тілі басқа достардың.
Өзің жайлы қалдық бір сәт айтысып:

Толық

Хат

  • 0
  • 0

Ақпаның да,
Шуақты жазыңда бар,
Хатыңда әзілің де, назың да бар.
Тұратын еркелігің бірге атылып,
Хатыңда жанарың бар нұрға тұнық.

Толық

Қарап көріңіз