Өлең, жыр, ақындар

Ару көктем

Күле қарап күн арайлы үздігіп,
Жер ананы сәулесімен қыздырып.
Табиғатты тамашалап, ән салып,
Көк майсаны басып келед(і)қыз, жігіт.

Гүлге толып кең дала атырабы,
Түпсіз терең ойларға батырады.
Сыңсып өскен ақ қайың саясына,
Қыз жігітті қол бұлғап шақырады.

Құс әніне тұрғандай құлақ түріп,
Суы бал, ағып жатты бұлақ күліп.
Сағынышын іштегі жасыра алмай,
Әндетті кеп көкте құс жылап тұрып.

Сай ішінде самал жел тыншымаған,
Тау тастарын қытықтап шымшылаған.
Ерке самал еркелеп кеп сүйгенде,
Ән шырқамай тұруға кім шыдаған?..

Сағынар бар тіршілік көктем айын,
Бүршік жарып ұмсынар көкке қайың.
Қош келдің, ару көктем төрлетіңіз,
Ақ жүзінен нұр тамған, еркетайым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар