Өлең, жыр, ақындар

Ей, аппақ боран, ақ боран

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1586
Ей, аппақ боран, ақ боран,
Бопытып қарды ат маған,
Менде де сендей боран бар,
Кеудемде тыныш жатпаған.
Күнімен ол да борайды,
Түнімен ол да борайды.
Аш бөрілерше қамайды,
Ақ шәлі болып орайды.
Мезгілдің сырын кім білген,
Бір күнім қымбат бір күннен.
Тыңдамай сол бір боранды,
Сапарға шығып жүрмін мен.
Жеткенше даусым шырқасын,
Жетпесе қармен қымтасын.
Қорқыныш емес қашанда
Бұрқасын үшін бұрқасын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көшеден сені іздедім

  • 0
  • 0

Көшеден сені іздедім,
Көк жапырақты орманнан.
Алматы жақтан іздедім,
Қапшағай қашқан жолдардан.

Толық

Тағдыр

  • 0
  • 0

О, тағдыр, сені ұғыну қиын маған,
Жастықта етек-жеңі жиылмаған.
Біреудің бақытысың – бұйырмаған,
Біреудің көз жасысың тиылмаған.

Толық

Ей... ей... ей!

  • 0
  • 0

Ей... ей... ей!..
Жарысатын далаға шық,
Арғымағым барады ала қашып.
Бар өмірім бір бәйге мәре қашық,

Толық

Қарап көріңіз