Өлең, жыр, ақындар

Көшеден сені іздедім

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 985
Көшеден сені іздедім,
Көк жапырақты орманнан.
Алматы жақтан іздедім,
Қапшағай қашқан жолдардан.
Аралға бардым сұрау сап
Табам деп сенің бейнеңді.
Теңіз де тілсіз долданған,
Сарыарқа кездім сен үшін.
Сағыммен ұшып жүр ме деп.
Сылаңдап өтті ол да алдан.
Ертіске бардым ертерек.
Таласа таңмен тұрдым да,
Таппадым бірақ ол маңнан
Аспанға қарай көз тіктім.
Ақ шарбы бұлтпен торланған.
Айнала қарап алаң боп,
Өзіңді жүрмін табам деп,
Қисапсыз мынау көп жаннан.
Саған да ауған аңсарым.
Шарладым жерді
Шарладым!
Жеткізер кезің болды арман...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балдақты қыз

  • 0
  • 0

Шарап емес,
Бақытқа мас жанымыз,
Бақытқа мас сұлу қыздар қаншалық.
Сол бір кеште -

Толық

Ақындар менің ойымша

  • 0
  • 0

Ақындар менің ойымша,
Жұп-жұмыр жердің жүрегі.
Жүректің үні жойылса,
Жер қалай өмір сүреді.

Толық

Бабаң сенің жалаңаш жауға шапқан

  • 0
  • 0

Бабаң сенің жалаңаш жауға шапқан
Әлди-ай.
Әкең сенің қайыспай қайда шапқан,
Әлди-ай,

Толық

Қарап көріңіз