Өлең, жыр, ақындар

Бабаң сенің жалаңаш жауға шапқан

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1044
Бабаң сенің жалаңаш жауға шапқан
Әлди-ай.
Әкең сенің қайыспай қайда шапқан,
Әлди-ай,
Әкең сенің о бастан жырға жақын боп туды,
Кем боласың сен енді
Қай қазақтан, әлди-ай.
Маған сәби шағында жыр боларсың,
Әлди-ай,
Ақ мамаңның жүзіне нұр боларсың.
Әлди-ай.
Менің үшін ұлымсың өзгермейтін мәңгілік,
Халқың үшін есейіп кім боларсың
Әлди-ай.
Ұйықта менің бөбегім балбырап бір,
Әлди-ай.
Ай нұры ақ жүзіңде албырап тұр
Әлди-ай.
Есейгесін мінер деп ниет етіп байлаған,
Есігімнің алдында арғымақ тұр
Әлди-ай.
Тал бесіктен босамай шарқ ұрасың,
Әлди-ай.
Аппақ таңы тәңірдің жарқырасын,
Әлди-ай.
Бозамық таң туғасын беріледі бостандық,
Сонан соң-ақ тәй басып қаз тұрарсың
Әлди-ай.
Саған тарлық етер ме барлық үйім
Әлди-ай.
Кірпіктерің айқассын қалғып, ұлым,
Әлди-ай.
Қаңтар туып қасқырша ұлып тұр ғой далада,
Есігімнің алдында қарлы құйын
Әлди-ай.
Көңілдерге қараймыз үміт толып
Әлди-ай.
Сен кетерсің күні ертең жігіт болып
Әлди-ай.
Бақытыңды қашанда бір сәт табарсың халқыңмен,
Сол байлықты таппай-ақ үйіп-төгіп,
Әлди-ай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күй құдіреті

  • 0
  • 0

Таптырмастан жүр еді көңіл емі,
Не тіледі, өмірден не біледі.
Жанған отқа жаңбырдай нөсерлетіп,
Сондай сәтте көктен төгіледі.

Толық

Жез қоңырау

  • 0
  • 0

Бәрін де балалықпен сезбедім-ау,
Ып-ыстық көрінеді көзге мынау.
Білімге қолын бұлғап шақыратын,
Күміс үн, жез таңдайлы, жез қоңырау.

Толық

Қарақұмда

  • 0
  • 0

Тыныштық!
Тылсым тыныштық!
Селт еткен бұта көрмейсің.
40 градус!

Толық

Қарап көріңіз