Өлең, жыр, ақындар

Жұлдызым жоғары

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 761
Жүрекке құрық тастадым,
Жүйткігеніңмен жетем деп.
Асауға міне қашпадым,
Жастығым бекер өтер деп.
Көздердің талай тұнығын,
Шайқамай, шашпай сүйдім мен.
Уақыт салса құрығын,
Қоштасамын ғой бұл күнмен.
Күреске түстім көңілде,
Өмірде күрес бір ойым.
Өзімнен күшті өмірде,
Жандардың барын білейін.
Жүрдім де бұралаң жолдармен,
Шегіндім кейде бір адым.
Жүрегім аппақ болғанмен,
Оқпанға талай құладым.
Іңкәр ем бастан өлеңге,
Ізінде жүріп арманның.
Ақыным, ақыным дегенге,
Аңқылдап талай алдандым.
Аман сау қалдым ажалдан,
Пірім бар менің себебі.
Қамқорлығына өзі алған.
Қолтықтап музам келеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күй құдіреті

  • 0
  • 0

Таптырмастан жүр еді көңіл емі,
Не тіледі, өмірден не біледі.
Жанған отқа жаңбырдай нөсерлетіп,
Сондай сәтте көктен төгіледі.

Толық

Қарақұмда

  • 0
  • 0

Тыныштық!
Тылсым тыныштық!
Селт еткен бұта көрмейсің.
40 градус!

Толық

Ақындар менің ойымша

  • 0
  • 0

Ақындар менің ойымша,
Жұп-жұмыр жердің жүрегі.
Жүректің үні жойылса,
Жер қалай өмір сүреді.

Толық

Қарап көріңіз