Өлең, жыр, ақындар

Айтшы, әжетай!

  • 11.08.2020
  • 0
  • 0
  • 6993
– Айтшы, Әжетай, Әжетай!
Атам осы, кім менің?
– Атай, аты баптаған
Бәйгі бермес «Ақтабан»
Құстай сергек ұйқысы
Атаң сенің жылқышы.
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Ағатайым кім менің?
– Құймақ, тоқаш, ақ нанның
Білсең тәтті бал дәмін,
Егіншіні есіңе ал, –
Дихан ағаң сол жаным!
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Апатайым кім менің?
– Мақтансаң сен басқаға,
Апаңды естен тастама,
Жүз баланың анасы,
Тәрбиеші ол бақшада.
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Нағашым осы, кім менің?
– Әдемі пальто жағасын,
Айтшы, қайдан аласың?
Қаракөл қойын өсіріп,
Әперген сенің нағашын,
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Жездем осы, кім менің?
– Үйреніп үлкен қаладан,
Кірпіштен үйлер қалаған,
Ардақтысы ауылдың,
Құрылысшы ол ағаң.
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Жеңгем осы, кім менің?
– Табын-табын тау іші,
Жеңгең сонда сауыншы.
Ірімшік, құрт, қаймақ, май,
Жеңгеңнен келген, ойлап қой!
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Жиен ағам кім менің?
– Кеш болса кең көшенің
Жарқ етсе шамы неше мың –
«Өссін дейміз өркені»
Жиен – колхоз монтері.
Құлыным, ботам, көжегім!
Кім боласың, сен өзің?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жайбасар

  • 0
  • 0

Төргі үйдегі әдемі есік
Ашылғанда, сәлемдесіп
Кіріп келді Жайбасар
– Осы араға, осы араға,

Толық

Мамыр әні

  • 0
  • 0

Күн төбеге асылды,
Май шапағы шашылды.
Қызыл гүлдер, ақ гүлдер
Қауызынан ашылды.

Толық

Ақ ешкі

  • 0
  • 0

Өзіміздің ақ ешкі
Бақалардан көп есті.
Ақ ешкі күзде тойынды,
Лақпен салды ойынды.

Толық

Қарап көріңіз