Өлең, жыр, ақындар

Әділ билік

  • 09.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1215
Келіп бидің алдына:
Қасапшы майшы жүгінді.
Қылып жүрген кәсібі
Киімінен-ақ білінді.
Қасапшының үсті қан,
Майшы киімі бәрі май.
Бажылдасып екеуін
Бір-бірімен ұрысқан:
«Сен – ұрысың!»
«Сен – ұры!» –
Деп, жындары құрысқан…
Қасапшының сөзі:
– Алмаққа келдім май сатып,
Берейін деп ақшасын,
Қалтамнан алып, тіл қатып.
Ол жармасты қолыма,
Ақшамды тартып алмаққа.
Өкім-зорлық қылды бұл,
Келдім тезге салмаққа.
Майшының сөзі:
– Май алды бұл бір қарын,
Ұстадым да қажетін,
Артығының бердім мен бәрін.
Өз ақшамды қобдиға
Әлгі жерде мен салдым.
Қасапшы қолды созды да,
Ала қашты, таң қалдым.
Ұстап алып көшеден,
Міне, тұрмын сізге кеп.
Нақақтан кетсе несібем,
Қаламын да уайым жеп…
Би білдірді тілекті:
– Ақшаны қалдыр сен мұнда.
Ертең айтам билікті,
Сонда келіп сөз тыңда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бала, Күн, Құс және Шие

  • 0
  • 0

Баланың Күнге берген жауабы:
Терезеден күн түсті,
Деді былай балаға:
«Жүр, ойнайық, іш пысты,

Толық

Ана тілі

  • 0
  • 0

Туған анам сөйлеген ана тілім,
А дегенде: «Апа» дей алған тілім.
«Апаға» «ата» деген сөзді қосып,
Бірте-бірте сол тілмен алдым білім.

Толық

Жалқау бала

  • 0
  • 0

Жалқау бала жалтақтап,
Сабақтан қашар жан сақтап,
Ешкім оған разы боп,
Көрмес жақсы, жұрт мақтап.

Толық

Қарап көріңіз