Өлең, жыр, ақындар

Жалқау бала

  • 09.08.2020
  • 0
  • 0
  • 3282
Жалқау бала жалтақтап,
Сабақтан қашар жан сақтап,
Ешкім оған разы боп,
Көрмес жақсы, жұрт мақтап.
Сабаққа мойын бұрмайды,
Кітаппен кеңес құрмайды.
Мектепке ерте баруға,
Ұйқысынан тұрмайды.
Тұрса орнынан ырғалып,
Киінбей жылдам, жырғалып,
Оқиыншы мен де деп,
Тырыспайды тырбанып.
Шайы тұрар кеседе,
Тоймас, қанша жесе де,
Құлағына сөз кірмес,
Сабаққа бар десе де.

Жумайды және бет-қолын,
Сөйлемейді сөз жөнін.
Киімін тастар әр жерге,
Кез келсе де қай орын.

Күні бойы алысып,
Шаналарға жабысып,
Қайдағы бұзық баламен
Көшелерде табысып,

Ойынды тұрар ұнатып,
Бір отырып, бір жатып.
Жақын жүрген кісіге
Құм шашады, тас атып.

Сақтан, ғазиз балалар,
Сондай бала болудан.
Тырыса көр сабаққа
Білсең, көңіл болар жай.
Жаман бала атанып,
Бола көрме осындай.

Сабақ, білсең қуанып,
Риза болар ата-ана.
Бала күннен мақтау ал,
Айтар сөзім сол ғана!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жетім бала мен рақымды кемпір

  • 0
  • 0

Жетім баланың мұңы:
Ай қараңғы, күн батты,
Жылы орнына ел жатты.
Ата-анам жоқ мен сорлы

Толық

Ата мен бала

  • 0
  • 0

Баланың атасына айтқан сөзі:
Ғазиз атай, оқыт мені,
Оқымасам, білем нені?
Егер мені оқытпасаң,

Толық

Таң

  • 0
  • 0

Жарық дала һәм көгал,
Аралар жүр жинап бал.
Кішкене қоңыз жем тасып,
Оянды орман, күліп тал.

Толық

Қарап көріңіз