Өлең, жыр, ақындар

Қоштасу

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 2062
Бір өзіңді сүюменен өтем деп,
Жүрегімді алып едің мекендеп,
Жылдар бойы өзім болып жүрдің де,
Бір-ақ сәтте кете бардың бөтен боп!
Бөтен болып шыға келдік бір күнде,
Өзек болып қаңқу менен күңкілге,
Өткен күнді қанша ұмытқың келсе де,
Өміріңді сызып тастау мүмкін бе?!

Қайырмасы:
Амалым не, өтті бәрі өзгерді,
Көктем бітіп, қоңыр салқын күз келді,
Адам болып қосылып ек әуелде
Адам болып қоштасайық біз енді!

Көп алдында күлімдеген күн қайда,
Екеуіне не болды деп жұрт ойда,
Енді бірге көше бойлап жүрмейміз,
Енді бірге билемейміз бір тойда!
Сенен артық жан жоқ деуші ем өмірде,
Бейнең қалды, өшпей мәңгі көңілде,
Сен де маған назалысың, білемін,
Саған деген өкпем аз ба менің де!

Қ-сы:



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сібір сарыны...

  • 0
  • 1

Оймякон деген Ой мекен,
Ойылып түскен ой ма екен?
Сақылдап тұрған ойпатты,
Сахалар не деп қойды екен?

Толық

Заңдылық

  • 0
  • 0

Тумақ, өлмек –
Бұлжымайтын заңдылық,
Мән бар ма екен
Дүниеде мәңгілік?

Толық

Үштаған

  • 0
  • 0

Ошақта үш бұт құлатпай қазан ұстаған,
Үш найза шаншып шатыр да құрған үш бабам,
Үлгінің бірі ескіден қалған үштаған!
Үштаған жырдың үйрегі бейуақ ұшпаған,

Толық

Қарап көріңіз