Өлең, жыр, ақындар

Шахтер аспаны

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1640
Шахташының аспаны да қап-қара,
жұлдыздары жарығырақ жанады.
Жыртылсын бір қоп-қою шаң – жабағы,
көтер, достым, жұлдызыңды жоғары!
Қабырғада қыбырлайды көлеңке,
көлеңкелер жүр адымдап төбеде.
Жарқ-жұрқ етіп жарықтың айбалтасы
қараңғының қабырғасын сөгеді...
Әр маңдайға шықты көлбеп бір-бір күн,
шам дейміз біз кішірейтіп оны да.
Бүкіл қала жатқандайын жылынып
шахташының шам ұстаған қолына.
Қара тасқа қадалғанда сұр қайла
уыс-уыс жұлдыз ұшып шығады...
Дәл осы сәт қараңғылық атаулы
Жылжып келіп аяғыңа құлайды…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болса да алап – ойлы алап...

  • 0
  • 0

Болса да алап – ойлы алап,
Ағады өзен аңқылдап.
Қыздардың жолы қайдалап,
Жәудіреп қарайд салқын бақ.

Толық

Жанатұғын жан құсап бүгін бағың

  • 0
  • 0

Жанатұғын жан құсап бүгін бағың,
Қол ұсынсаң — ерінің діріл қағып,
аға боп мен бір ақыл айтады деп,
қарындас келіп тұрсың жырыңды алып.

Толық

Домбыра

  • 0
  • 0

Майысып қос шегіңнен күй өткенде,
Ой туар жүрек түгіл, сүйектен де.
Домбырам қайран менің, қайран менің,
Ризамын сені маған сый еткенге.

Толық

Қарап көріңіз