Өлең, жыр, ақындар

Балтықтың жағасында

Балтықтың жағасында тұрмын төніп,
Толқыннан Балтық жатыр өрім өріп.
Бір ырғақ таңдайланған тан ғажайып,
Тулайды күміс суы арнаны өбіп.

Қарт Балтық қызыл берен ту жамылып,
Батысқа жаңа дүние шамын жағып,
Дөңбекшіп қуанышқа сыймай іші
Махаббат маңын кеткен сел ғып алып!

Толқытып қуаныштың музыкасын,
Шаттық жыр алып кеткен Балтық басын.
Жинап ап ән салулы ерке теңіз
Литва, Эстон, Латвия кәрі-жасын.

Түзеген жаңа дүние Балтық сәнін,
Әлемге таратып тұр оның әнін.
Лепіріп жас жүрегің жөнеледі,
Салғанда деген әнін — «Вале Сталин».

Жиекте бауырлардың әнін тыңдап,
Балтықтың өн бойына кезімді сап,
Мен тұрмын жеңіс туы оң қолымда,
Советтің жауынгері — нәсілім қазақ.

Менің де Сырдария, Балқаштарым,
Сонау бір кен жазығы Сарыарқаның,
Жиырма жыл бұдан бұрын дәл осындай,
Қалайша оянғанын ұмытармын!

Сол күн ғой күйі келген домбыраның,
Сол күн ғой нұрға шомып caр даланың
Нұра, Есіл бір-біріне сылқ-сылқ күліп,
Асқан күн арнасынан сай-саланың.

Қазақпын — жас жолбарыс жиырмадағы,
Мекенім — ұлы өмірдің иран бағы.
Бірімін — Балтық барған жауынгердің,
Босатқан бауырларды бұғаудағы.

Па, шіркін, енді біраз жылдан кейін
Өсіріп біздей миллион жауынгерін,
Сап түзеп замананың жорығында
Көрсем-ау туысымның жүргендігін!

Шығармыз сонда біздер ту көтеріп,
Коммуна маршалының соңына еріп,
Қарт тарих дәптеріне жазып алар,
Қайта туған азатшыл елді көріп.



Пікірлер (2)

нурик

керемет
bilim-all

Хамза

Достық деген өлең өте тамаша

Пікір қалдырыңыз

Көсем сөзін тыңдаймыз

  • 0
  • 0

Аға! Аға! Алақай!
Бабам менің сөйледі,
Деп қуанар Фәридім
Әндетеді, билейді.

Толық

Алтын бұлақ

  • 0
  • 0

Суы бал, түрі көркем алтын бұлақ,
Көгі күн, негізі өмір жанған шырақ.
Кіршіксіз кристалдай сыры терең,
Өмірдің кілтін соққан астам шындап.

Толық

Ұлы ақын

  • 0
  • 0

Ақсұңқар алтын топшы жерге құлап,
Талпынбай, торға түсіп жатты сұлап.
Өр кеуде еркіншілік жол іздеген
Тұра алмай ұлы өмірге түптеп шыдап.

Толық

Қарап көріңіз