Өлең, жыр, ақындар

Ұлы ақын

  • 05.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1378
Ақсұңқар алтын топшы жерге құлап,
Талпынбай, торға түсіп жатты сұлап.
Өр кеуде еркіншілік жол іздеген
Тұра алмай ұлы өмірге түптеп шыдап.
Зарланып жатты ардагер қаны қайнап,
Күйініп екі көзі оттай жайнап.
Жауға оқ, досына бал шешен тілін
Шерте алмай, торға оралды сұңқар зарлап.
Ағарған алтын таңға қиялданған,
Сондықтан ұлы өмірге сыя алмаған.
Ақсұңқар, торға түскен Тарас сенің!
Ардагер, асқан ақын, асқар қыран,
Ақын Тарас, құлақта сенін үнің,
Бағаланды елімде сенің жырың.
Алтынменен атыңды әшекейлеп,
Тарихқа «Ұлы ақын» деп жаздық бүгін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Май көркі

  • 0
  • 0

Май көркі сұлу сырға таққандайын,
Ән-күйге орман, тоғай батқандайын.
Күн нұры жер бетіне шашып шұғыла,
Көмкеріп ақ күміспен жапқандайын.

Толық

Досыма

  • 0
  • 0

«Мен сүйген бір-ақ сөз бар достық деген,
Ұзақ жол үзілместей жүрегімнен.
Қадірлі жан қиярлық достар болмақ,
Сүйдім мен сол достарды шын жаныммен.

Толық

Жаңа дүние

  • 0
  • 0

Қарап тұрсам бір қызық
Өтіп жатқан дүние,
Шыр көбелек айналып
Кетіп жатқан дүние,

Толық

Қарап көріңіз