Өлең, жыр, ақындар

Менің елім

Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі —
Менің елім, менің елім — гүл елі!

Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді —
Шежіреңе ол өлең болып кіреді.
Мендегі өнер сен деп өмір сүреді
Менің елім, менің елім — жыр елі!

Қанат қомдап таң атқанда шығыстан
Торғайым бар қыраныңмен бір ұшқан.
Жүрегім бар жүрегіңмен ұғысқан,
Менің елім, менің елім — гүлстан!

* * *

Салқындап саясында самал-көлдің,
бұла өскен баяғыдан балаң менмін.
Сіміре саумалыңды, бұл жолы да,
Сабылып, сағымды өлке, саған келдім.

Тағы да топырағыңда жаңарды ізім,
Сен десем бал-бұл жайнап жанар жүзім.
Бір пейіл,
бір ықылас — қолда бары,
әкелген базарлығым — сол болады.
...Тікенге балтырымды талатып ем,

ал қазір дала барқыт, дала — кілем.
Кетіп ем сол даладан шыбық мініп,
Оралдым бір талаптың қанатымен.
Сырым бар тереңімде көрінбеген,
жырым бар шебер қолмен өрілмеген.
Әйтеуір біреуімін көп балаңның
өзінді елім деген, жерім деген!



Пікірлер (11)

Дана

Керемет

айда

Жұмекен Нәжімеденовтин олеңдері тамаша

Шəрипа Ислам

Өте тамаша, қажетті деректер.

нурсая

керемет осындай ақындарымыз көп болсын

нурсая

менің адамдарға тілегім туралы шығарма тауып бере аласыздарма сағат 14/00 ге дейін

нурсая

отінем

Дариға

Бұл өлеңнің минусы барма?

мейрамгүл

коп көмектесті тағы да өлеңдері бар ма ?

Аман

Менің елім өлеңінің жартысын тауып беріңіздерші *** деп қойған жердегіжалғасын

Жансая

Керемет айтылған

Мерей

Өте тамаша. Маған қатты ұнады .Әсіресе туған жер жайлы

Пікір қалдырыңыз

Дәме

  • 0
  • 0

Бұлт үйірілді далаға —
Жауады екен деп күттім,
тағы да ырыс, бақ күттім
қамбасы боп Тоқтықтың.

Толық

Альбом жыры

  • 0
  • 0

Жанжалдың созады әйел қирағатын,
келтіріп Хақ есімін, иман атын.
Бұршақтап екі көзі бұлан-талан,
жан бар ма бірақ соған иланатын.

Толық

Бейнет биігінен

  • 0
  • 0

Бейнетқорым, шылым сор,
түтіндет бір, түтіндет
шылым сорғаннан басқа табарың аз, күтім жоқ,
Желге қарап кісінер

Толық

Қарап көріңіз