Өлең, жыр, ақындар

Дәме

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 376
Бұлт үйірілді далаға —
Жауады екен деп күттім,
тағы да ырыс, бақ күттім
қамбасы боп Тоқтықтың.
Аласапыран жел тұрды —
бұлт тарады, кетті, ықты:
Жапырағым сарғайды,
Мен — аштықпын, жоқтықпын!
Тіл ұшында сөз тұрды,
Кенеземді кептіртті:
Маған арнап айтылар
Сол асыл сөз деп күттім.
Беделсізге — бел бітті,
бейсанаға бет бітті,
қалдым тағы жамылып
көлеңкесін көптіктің.
Тауға тағы бұлт келді —
Жаңбыр жауды бір апта:
бетпақ шөлге тамшы жоқ,
Құйылды су бұлаққа.
Сөз де айтылды — асыл сөз
маған емес бірақ та.
Далам кетті дөңгелеп
Көз көрмеген жыраққа...
Жапырағым айналды
елеңдеген құлаққа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Крылов тақырыбы

  • 0
  • 0

Қара тал судыр қағып жапырағы
қайың боп ойнағанда — қатырады.
Ролін тау-қыранның байғыз ойнап,
бұлбұлды есек сынап жатыр әлі.

Толық

Сендер, сендер ақталмай-ақ қойыңдар

  • 0
  • 0

Сендер, сендер ақталмай-ақ қойыңдар,
алғаш рет сілтенген ақ сойылдар!
Алғашқы қол, жат қалтаны ақтарған,
алғашқы адам барымтаға аттанған,

Толық

Бес саусақ

  • 0
  • 0

Саусақ — бесеу.
— Пәлі, шіркін, жарқ етті-ау бір жаңалық!
Біреу, екеу...
ал, санадық, санадық.

Толық

Қарап көріңіз