Өлең, жыр, ақындар

Ғасыр аяғы

  • 25.04.2020
  • 0
  • 0
  • 794
Жиырмасыншы ғасырымыз өткендерден
жақсы болам деп еді.
Үлгермеді алайда, жылдар қалды санаулы,
шалынысып аяғы, демі бітіп барады.

Болуға тиіс жағдайдан
көптеу болды болмауға тиіс жағдай,
ал келуге тиісті шақтар
келмей кетті қайрылмай.

Негізінен көктемге бір қуаныш
жорамалы бар еді.
Кету керек болатын қорқыныштың әлегі.
Өтіріктен жылдамырақ ақиқат
жету керек болатын мақсатына дәмелі.

Әлдеқандай сұмдықтар –
аштық, соғыс сияқты
болмас еді сол кезде.

Шын құрметке бөленуі тиіс еді
қорғансыздық қарусыз,
сенім және сондайлар.
Құштар адам өмірге
мақсат қойды алдына
мәңгі қолы жетпейтін.

Ақымақтық – бола алмайды күлкілі.
Ал даналық – бола алмайды көңілді.

Үміт деген –
кешегі жас қыз емес
et catera , өкініш.

Құдай бір күні сенуі керек еді адамға –
қайырымды, күштіге.
амал қанша, қайырымды мен күшті –
әлі күнге екі адам.

«Қалай өмір сүрем» деп біреу маған хат жазды,
қоймақ едім мен оған дәл осы бір сауалды.

Бүгін және қашанда
(жоғарыға қарап қой) –
шұғыл сауал мүлде жоқ,
аңқау сауал болмаса.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кесірткенің қаңқасы

  • 0
  • 0

Сүйіспеншілікті Бауырлар,
алдымызда алмағайып бір зат тұр:
кесірткенің әбден тозған қаңқасы.
Қымбатты Достар,

Толық

Қарап көріңіз