Өлең, жыр, ақындар

Күлкі мен түлкі

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1427
Қуаладым жүгіріп,
Қу түлкіні бекер күн.
Қалыпты ол тығылып
Қолтығына бөпемнің.
Қытық, қытық...

Таусылғанмен табаннан,
Табылмады, жоқ түлкі.
Бұғып жатқан тек онда
Бар боп шықты көп күлкі.
Қытық, қытық...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қоңыр қозы

  • 0
  • 0

Жалғыз қалса, «жылайды»,
«Қайда кеттің» дегізіп.
Қолыма алсам, сұрайды
Ерніменен емізік.

Толық

Күн қайдан шығады?

  • 0
  • 0

Ұққаның жөн сөз сырын,
Ұтпас ұзақ ойланған.
Кім айтады тез мұны,
Күн шығады қай маңнан?

Толық

Шыңғыс

  • 0
  • 0

Биіктерде, еңістерде
Мен інімнің тіреуі.
Бес кәмпитті бөліскенде,
Артық қалды біреуі.

Толық

Қарап көріңіз