Өлең, жыр, ақындар

Күн қайдан шығады?

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2263
Ұққаның жөн сөз сырын,
Ұтпас ұзақ ойланған.
Кім айтады тез мұны,
Күн шығады қай маңнан?

Бірікпесе күш пен күш,
Бітпесі анық бір іс те...
Алғашқы арай түскен тұс
Аталады Шығыс деп.

Елтануға құштарлар
Емес жалқау, тым ерке.
Шығыс Қазақстанға
Шашылады нұр ерте.

Шыққан күнге қарашы,
Шолжаң әрі еркелеу...
Ол жақтың бар баласы
Оянады ертерек.

Шолып қыр жақ, ой жақты,
Шаттанасың әдемі.
Демек осы аймақты
Деген дұрыс Таң елі!

Жерін танып есейген,
Жақсылыққа құлшыныс.
Қытай менен Ресейге
Қақпа сынды бұл Шығыс.

...Ұққаның жөн сөз сырын,
Ұтпас ұзақ ойланған.
Кім айтады тез мұны,
Күн шығады қай маңнан?

Елтануға құштар бол,
Елітпе ерке қылыққа.
Шығыс Қазақстаннан
Шығады Күн, ұмытпа!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұғалімге мың алғыс!

  • 0
  • 4

Оянғанда шабытым,
Ой келеді түйдектеп...
Әліпбиді танытып,
Әріптерді үйреткен.

Толық

Ақымақтың кесірі

  • 0
  • 0

Ақымақтың кесірі,
Арқанның ұшын бос түйдім.
Есіңде бар ма есігі,
Екеуміз өскен ескі үйдің.

Толық

Ұлдарыма

  • 0
  • 0

Ерке өссін деп едім,
Еркін өссін деп едім!
Екеуіңнен өтінемін кешірім,
Ертең айтам себебін...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар