Өлең, жыр, ақындар

Қауын

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1453
Қауын, қауын, қауынсың,
Көтеріп ем ауырсың.
Асқабақтан аумайсың.
Неге арықта аунайсың?

Жеттің осы ақ таңға,
Бірақ, бірақ мақтанба.
Дәнді жерге екті анам,
Маңдай терін төкті ағам.

Шарбақты әкем түзетті.
Ұрылардан күзетті.
Мен де шеттеп қалмадым,
Сосын айтам қалғанын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кім болмақ?

  • 0
  • 0

Болса күннің жарығы,
Ағаштың бар тамыры.
Самғау үшін қағатын
Құстардың бар қанаты.

Толық

Асау шаңғы

  • 0
  • 0

Шаңғы сатып әперді,
Зымыраймын әке енді-
Дегем кеше, бүгін мен
Шыға салып үйімнен.

Толық

Кептер

  • 0
  • 0

Шатырға қонады.
Қыс біткен жоқ әлі.
Аязда қарны ашып,
Бүрісіп, тоңады.

Толық

Қарап көріңіз