Өлең, жыр, ақындар

Асау шаңғы

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 713
Шаңғы сатып әперді,
Зымыраймын әке енді-
Дегем кеше, бүгін мен
Шыға салып үйімнен.
Мініп көріп шаңғыға,
Жүрмек болдым алдыға.

Қалт-құлт етіп бұл қалай?
Тұрмын әрең құламай,
Бір, екі,үш бастадым,
Бәрін артқа тастадым.

Бірнеше рет құладым.
Сонда да мен шыдадым.
Сырғанадым ақырын,
Жүрдім қанша шақырым?

Тулап еді жайындай,
Асау еді тайымдай,
Келдік, міне, қыр асып,
Қалды шаңғым жуасып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарлығаш

  • 0
  • 0

Жауатынын жаңбырдың,
Төмен ұшсаң, білемін.
Суарса бұлт ой-қырды,
Жайқалады гүл, егін.

Толық

Ұқыпсыз

  • 0
  • 0

- Көйлек қайда?
- Еденде.
- Күрте қайда?
- Легенде.

Толық

Менің ойыншықтарым

  • 0
  • 0

Пілім, болма ұмытшақ!
Лағым, болма ұрыншақ!
Аңқау болма, күшігім!
Жалқау болма, мысығым!

Толық

Қарап көріңіз