Өлең, жыр, ақындар

Өрік

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1825
Кім әкелді теріп?
Ыдыстағы өрік.
Дастарханның сәні,
Қол созады бәрі.

Бір,
Екі,
Үш болды,
Уысыма толды.
Тойғанымша жедім,
Неткен тәтті едің.

Төрт,
Бес...
Онын алдым,
Қалтама мен салдым.
Енді ойнап келем,
Достарыма берем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сынған терезе

  • 0
  • 0

«Бүлдіріпсің», - деп келіп,
Ренжіді апам да.
Ойнап едім доп теуіп,
Көмектеспей атама.

Толық

Ұқыпсыз

  • 0
  • 0

- Көйлек қайда?
- Еденде.
- Күрте қайда?
- Легенде.

Толық

Аяз

  • 0
  • 0

Қырда, бәлкім сайдасың?
Кел, кел, аяз, қайдасың?!
Алты таудан асып кел!
Аппақ қарды басып кел!

Толық

Қарап көріңіз