Өлең, жыр, ақындар

Айтыс

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 10140
Ұлдар:
Өлеңмен сөз-сайыста қағысқалы,
Өзендей тасты ағызған ағыстары.
Шабыттың тұлпарына қамшы басып,
Қыздармен шығып тұрмыз жарысқалы.
Жарысса жүйрікке кім тең дейсіңдер,
Бәрібір мына бізді жеңбейсіңдер.
Кітабымыз ұмытылып үйде қалса,
Қыздар, неге оқулық бермейсіңдер.

Қыздар:
Жалғасақ бабалардың ізгі өлеңін,
Арттырар одан ары қыз беделін.
Жеңілдік дегізейік сендерге біз,
Алдыңнан шықты онда іздегенің.
Жаланы біреуге әкеп жабасыңдар,
Кімге барып енді мұң шағасыңдар.
Жалқаулық, ұмытшақтық әдеттерің,
Аяқ асты бір сылтау табасыңдар.

Ұлдар:
Көрейік жырымызға қосып жақұт,
Біздерге сын болады осы уақыт.
Жасырмай ақиқатты ақтарайық,
Айтады кемшілікті дос жылатып.
Білімге ізденуден талмайсыңдар,
Кей кезде өздеріңді алдайсыңдар.
Өйткені кітапқа емес, көп уақыт,
Телефоннан көздеріңді алмайсыңдар.

Қыздар:
Неге осы мін тағуға құмарсыңдар,
Алдымен бізді сынап шығасыңдар.
Өздерің кітапты көп оқысаңдар,
Неге онда парта астына бұғасыңдар.
Біз емес жоқ жерден мін қазатұғын,
Тыңдаңдар ұстаздардың тез ақылын.
Оқулық үйде қалған былай тұрсын,
Қалам таппай жүресіңдер жазатұғын.

Ұлдар:
Ол рас бір-екі рет сұрағанбыз,
Мойындасақ әр іске шын адалмыз.
Енді біздің жігіттік сертіміз сол,
Айтқан сыннан нәтиже шығарамыз.
Біздерге мирас болған өлең несіп,
Қайтеміз бір ескекті бөлек есіп.
Одан да достық туын биік ұстап,
Жүрейік бауырмал боп, көмектесіп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанкүйерлер

  • 0
  • 0

Міне, ойын басталды,
Доп ортаға тасталды.
Жанкүйерлер дауысы,
Жаңғыртты жер-аспанды.

Толық

Мен ұқыпты баламын

  • 0
  • 0

Кітап, дәптер, қаламым,
Сөмкеме оны саламын.
Күтетін оқу құралын,
Мен ұқыпты баламын.

Толық

Кітап

  • 0
  • 0

Әліппеден басталған,
Құштарлығым білімге.
Кітап бетін ашқаннан,
Оқимын көп білуге.

Толық

Қарап көріңіз