Өлең, жыр, ақындар

Мен ұқыпты баламын

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 7256
Кітап, дәптер, қаламым,
Сөмкеме оны саламын.
Күтетін оқу құралын,
Мен ұқыпты баламын.
Қалам алып қолыма,
Жазам дәптер жолына.
Қызыл, қара, көк қалам,
Менде сондай көп қалам.
Сұрағанда мұғалім,
Дайын оқу құралым.
Кітап, қалам, дәптерді,
Түгендеп күнде тұрамын.
* * *
Тұра салып тісімді,
Тап-таза қылып жуамын.
Көбейтем деп күшімді,
Жаттығу жасап тұрамын.
* * *
Әдебімді білемін,
Жамандықтан шектеймін,
Киімімді ілемін,
Шашып тастап кетпеймін.
* * *
Жарықты да сөндірем,
Суды барып тексерем.
Бұдан былай енді мен,
Үнемдеуді ескерем.
* * *
Айтқан ақылды ұғамын,
Жылы киім киінем.
Шат көңілмен шығамын,
Күнде ертең үйімнен.
* * *
Күнде кітап оқимын,
Нақыл сөзін теремін.
Көкейіме тоқимын,
Ұмытпаймын дерегін.
* * *
Бағып-қаққан ата-анам,
Үміті ертең ақталар.
Мықты азамат атанам,
Бүкіл қазақ мақтанар.

(балаларға арналған тақпақ)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туысқандық атаулар

  • 0
  • 0

Бабам салған ізге ерген,
Салт бұзылмас ізгі елден.
Құда болар мың жылдық,
Қыз алысып, қыз берген.

Толық

Көкпар

  • 0
  • 0

Дода десе тап берер,
Көк серкені шап берер.
Көкпаршылар ойыны –
Сыналады ат пен Ер.

Толық

Кітап

  • 0
  • 0

Әліппеден басталған,
Құштарлығым білімге.
Кітап бетін ашқаннан,
Оқимын көп білуге.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер