Өлең, жыр, ақындар

Айтыс

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1059
Сөз табатын қиыстырып қиыннан,
Қаумалаған ел алдында жиылған.
Қос ішекті домбырасын қолға алса,
Таңдайынан маржан өлең құйылған.
Шабыттанып, буырқанып тасыған,
Суырыпсап ой теретін асылдан.
Айтыс, айтыс – ұлы өнері ұлтымның,
Қызыл тілдің құдіретіне бас ұрған.
Төгілетін қос ақынның жыры боп,
Әр мақаммен құйқылжытқан үні боп.
Қайым, өтірік, қыз бен жігіт айтысы,
Сүре, түре, жұмбақ айтыс түрі көп.
* * *
Айтыстың алтын діңгегі –
Сүйінбай бабам, арынды.
Қазыналы ой мен тіл кені,
Бабадан қалған бар үлгі.
Алыбы жырдың нар Жамбыл,
Әлемге даңқы өрлеген.
Халқы үшін төгіп маржан жыр,
Айтысса жүлде бермеген.
Жалғасып жеткен ғасырдан,
Барымта сөздің майданы.
Шабыт боп шалқар тасынған,
Кәделі ойдың қайнары.
Сайысын сөздің қадірлеп,
Жүйрікке бәйге ұттырған.
Асылын сөздің лағыл деп,
Құдіретін тілдің ұқтырған.
Қырандай қанат сермеген,
Көңілдің күйін тербеген.
Айтыстай арда ұлы өнер,
Жасайды бірге елменен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен өзім

  • 0
  • 0

Тұра салып тісімді,
Тап-таза етіп тастаймын.
Көбейтем деп күшімді,
Жаттығуды бастаймын.

Толық

Тәуелсіз елім

  • 0
  • 0

Сан ғасыр аңсаған бабамыз,
Азаттық күні үшін күрескен.
Тариx боп тіл қатар даламыз,
Өртеңнің орнына гүл өскен.

Толық

Шекербектің қылығы

  • 0
  • 0

Шекербек те кешеден,
Шығарды сөз таласын.
Көрдім деді көшеден,
«Пойыздың мен баласын».

Толық

Қарап көріңіз