Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіз елім

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 39359
Сан ғасыр аңсаған бабамыз,
Азаттық күні үшін күрескен.
Тариx боп тіл қатар даламыз,
Өртеңнің орнына гүл өскен.
Тәуелсіз еліммен санасқан,
Әлемнің ашылды есігі.
Ынтымақ, бірлігі жарасқан,
Тербеткен бейбіт күн бесігі.
Мақтанам тәуелсіз еліммен,
Күн кешем ертеңге сеніммен.
Астана – шаңырақ,
Атырау, Алтайдың арасы
Керегем секілді керілген.
* * *
Өткені – тағылым,
Ертеңге сенім бар.
Бақытты тағдырым –
Тәуелсіз елім бар.
Батырлар ерлігін,
Ұрпақпыз үлгі еткен.
Байлығым – елдігім,
Қараймыз құрметпен.
Гүл жайнап құлпырған,
Жерұйық – мекенім.
Даламды сыр тұнған,
Мақтаныш етемін.
Аспаны мөлдіреп,
Тұрсын кең жерімнің.
Көк туы желбіреп,
Мәңгіге елімнің.

(балаларға арналған тақпақ)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кітап

  • 0
  • 0

Әліппеден басталған,
Құштарлығым білімге.
Кітап бетін ашқаннан,
Оқимын көп білуге.

Толық

Көкпар

  • 0
  • 0

Дода десе тап берер,
Көк серкені шап берер.
Көкпаршылар ойыны –
Сыналады ат пен Ер.

Толық

Достық

  • 0
  • 0

Достық – биік жалауым,
Достық – берік қамалым.
Достық сезім жүректе,
Жағады өшпес алауын.

Толық

Қарап көріңіз