Өлең, жыр, ақындар

Атам тайға мінгізді

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 638
Атам тайға мінгізді,
Тізгін берді қолыма.
Қолға қамшы ілгізді,
Шық деп өмір жолына.
Тайым мөңкіп тулады,
Қыстым қатты тақымды.
Ұшқан құстай зулады,
Жықпақ мендей «батырды».
Оңғара көр, – жолын деп,
Сиынып тұр апам да.
– Міне жігіт болды, – деп,
Мәз болады атам да.
Таскенеше жабысып,
Тізгінімді тартамын.
Келем менде намыс қып,
Сезем үміт артарын.
Аралап бел, сайымды,
Келдім біраз жол жүріп.
Бастықтырдым тайымды,
Қалды әбден болдырып.
Атам берді батасын:
– Адалдыққа құштар бол.
Азамат – деп атасын,
Ел тізгінін ұстар бол!

(балаларға арналған тақпақ)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ардақтаймыз ананы

  • 0
  • 3

Ең аяулы жанашыр жан,
Кім бар артық анашымнан.
Күнім сенсің шуақ төккен,
Қымбаттысың бар асылдан.

Толық

Айтыс

  • 0
  • 2

Ортаға сап өнерді,
Тарту етіп өлеңді.
Ақын қыздар қайдасың,
Айтысайық, кел, енді.

Толық

Домбырам менің

  • 0
  • 0

Домбырам менің,
Осынау сырлы пернеңнен,
Тарихты көрем, көшіп барады керуенмен.
«Елім-ай»-лап кеп, қара көзінен жас тамған,

Толық

Қарап көріңіз