Өлең, жыр, ақындар

Қақың бар ма елді, жер мекендеуге?

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 661
Еділ, Жайық – аталмай, қатар аққан,
Ие болмай атына қаңтар, ақпан.
Ойын ойлап, асына қол соза алмай –
Бұл кім өзі, қорғаншақ, жаутаң қаққан?
Ол өзіміз, кәдімгі қазағымыз,
Арылмаған сан ғасыр азабыңыз.
Айдағанға монтаңдап жүре берген
Бостан сүйгіш мінезден адамыз біз.
Ұран салса бір бауыр, жазамыз біз.
Ең алдымен айрылды қазақ "ат"-тан,
Ал сонан соң жерінен, байтақ жатқан.
Бодандықтың көп ғасыр дәмін тартып,
Арқалады зорлықтың жүгін батпан.
Қуған да бар, шер болып, кегін қатқан.
Айрылуға айналды тілінен де,
Не масқара, орны жоқ, көлінен де.
Әке-әдет, ана-салт, ата-ғұрып,
Түйе деген бабаның төлінен де.
Енді міне ауа мен көгінен де.
Кетті көшіп қарттардың сақалы ұрттан,
Қыздар шаштан айрылды, жігіт мұрттан.
Дауыс ету, сыңсуды, жарапазан,
Ұлт киімді, ұранды – түгел құртқан.
Не күтесің, япырмау, мына жұрттан?..
Мен білмеймін не арман, мұрат барын –
Аталғанша атымен қыраттарың?..
О Тәңірім!, өзіңнен басқа тілек
Аш қалсамда, жалаңаш сұратпағын!..
Отыр бәрі қазақтың сынап бағын…
Тіл келмесе әкеңді көкем деуге,
Ұят көрсең Сәкенді Сәкем деуге –
О, Азамат!, айтшы өзің – төсін таптап,
Қақың бар ма – елді, жер мекендеуге?..
Бостандыққа, мұратқа жетем деуге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қысыр бұлттар

  • 0
  • 0

Бұршақ шашып, шеке жарып,
Нөсерлетер бұлттар да бар.
Сол қасиет кеткен дарып,
Тау бойында ұлттар да бар.

Толық

Адамдар

  • 0
  • 0

Өнер жоқ тал бойында жарып шығар,
Сенер жоқ қысылғанда алып шығар —
Бейнеткер — бұлшық етін еміп өскен,
Тірлікте тағдырына налып шыдар.

Толық

Құлпытастар альбомы

  • 0
  • 0

Таста жан бар, ерекше, заты нәзік,
Ол тарих аршитын батыл қазып.
"Құлпытас" деп ат қойып,
Иманғали, Ардақтапты алтынмен атын жазып.

Толық

Қарап көріңіз