Өлең, жыр, ақындар

Жалғанда ауыр немене (терме)

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1381
Жалғанда ауыр немене? –
Әкенің салқын назары.
Көз тоймас асыл немене? –
Ананың жарқын ажары.
Сұлулық, шіркін, немене? –
Сағынып қайтсаң алыстан
Ақ жаулық тартқан немені.
Кеңшілік деген немене? –
Кешірім берсе бұлданбай
Ақымақ болған немеге.
Жастық деген немене?-
Күнде думан, күнде той,
Келгендей барып Кебеге.
Ата-ана айтқан жөн сөзді
Піспеген ақыл сезе ме.
Болашақ деген немене? –
Ұлыңнан туған немере.
Қарттық деген немене? –
Тәй-тәй басқан шөбере.
Өмірден өту немене? –
Қайғырған халық сен үшін
Жан-жаққа тарап кеткенде,
Төмпешік жатқан төбеде.
Жүректен шыққан шын сөзді
Жеткізген жырлап халқына –
Болмаса соқыр сезімі,
Жыршыны кісі сөге ме?!.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Наурыз-Ата

  • 0
  • 0

Қош келіпсіз, Наурыз-Ата,
Киелімсің бас иетін!
Адам қолдан жасамаған
Алла берген қасиетін.

Толық

Уайым ба?

  • 0
  • 0

Уайым ба тәйірі,
Қара бастың қайғысы
Бағым аз деп мұңаяр,
Қара басып қай кісі.

Толық

Тілек

  • 0
  • 0

Сегіз жұмақ, жеті аспанның иесі,
Жан мен Рух, Ақыл, Иман киесі —
Өзің, Алла, жаратушы Құдірет,
Бар ғаламның түсінігі, жүйесі.

Толық

Қарап көріңіз