Өлең, жыр, ақындар

Бауырым ағайынға

Ағайын туыс бәрінен қымбат расында,
Қарамайды олар үлкен де кіші жасыңа.
Бақытым үшін,қуанышыма қуанып,
Мұңаятұғын қайғы келсе басыма .
Жақыным менің жазылатұғын жырларым,
Сақтап сандыққа қоятын сенсің сырларым.
Аман болыңдар ,өмірде мынау қатыгез,
Төгілсе екен жүздеріңнен тек нұрларың.
Алыста жүрсем сағынам сені бауырлар,
Аман болса екен ұлдарыңменен арулар.
Көбейсе екен,әулеттің саны үнемі,
Төгілмесе екен өздеріңе тек жауындар.
Ұмытпаңыздар ағайын туыс бауырды,
Жеңіп шық әр кез мына өмірдегі ауырды.
Тимесінші деп тілеймін мына Алладан,
Бауырларыма шаңменен қоса дауылды.
Уақытың жоқ деп ұмытып кеттің бүгінде,
Жанына жалау болатындығы түбінде.
Бауырдан артық жан болмасында білемін,
Ешбір жан жетпес ауырмаңдаршы біріңде....
15.03.2020жыл
Сағ 0:44



Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - деген жазуды басу керек (жазудың үстіне). Қаламды басып өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Әке Ана

  • 0
  • 0

Әкешім біздер үшін алаңдаған,
Өсірдің пана болып дара маған.
Алдыңда қарыздармын ұмытпаймын,
Кешірген қате кетсем санамаған.

Толық

Шорнағым Алтын бесігім

  • 0
  • 0

Шорнағым Алтын бесігім.
Түркістанмен Қызылорда арасы,
Орналасқан ауылыма қарашы.
Шорнақ деп аталатын мекенім,

Толық

Қарап көріңіз