Өлең, жыр, ақындар

Шорнағым Алтын бесігім

Шорнағым Алтын бесігім.
Түркістанмен Қызылорда арасы,
Орналасқан ауылыма қарашы.
Шорнақ деп аталатын мекенім,
Ақкөңіл бар мейірімді баласы.
Шіркін таңы атады ғой арайлы,
Адамдары адалдықты қалайды.
Махаббатпен мейірімге толып тұр,
Жаны жайсаң жомарт жандар талайы.
Өсіп келед саналы ұрпақ ауылда,
Мұғалімдер бар күшін кеп салуда.
Алға сүйрер ұл қыздары ауылды,
Бүкіл әлем бір күндері таниды.
Иманды ұрпақ жүректері нұр толған,
Ауылымыз күннен күнге құлпырған,
Бірер уақыт өтсе егер арада,
Ауылымыз гүлге әлі толады.
Алла жазса бір күндері ауылым,
Аудан орталығы да болады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әке Ана

  • 0
  • 0

Әкешім біздер үшін алаңдаған,
Өсірдің пана болып дара маған.
Алдыңда қарыздармын ұмытпаймын,
Кешірген қате кетсем санамаған.

Толық

Бауырым ағайынға

  • 0
  • 1

Ағайын туыс бәрінен қымбат расында,
Қарамайды олар үлкен де кіші жасыңа.
Бақытым үшін,қуанышыма қуанып,
Мұңаятұғын қайғы келсе басыма .

Толық

Қарап көріңіз