Өлең, жыр, ақындар

Желтоқсан

Мереке емес жастар қыршын кеткен күн,
Суық желі желтоқсанның жеткен күн.
Естен кетпес қайсар қазақ жастардың,
Ұлты үшін жерге қанын төккен күн.

Орыс келіп үстімізден күлген күн,
Ызғыры желтоқсанның үрген күн.
Ұлт намысы артық болып жанынан,
Қан майданда қазақ жастар өлген күн.

Айдын көлге шүрегей кеп қонған күн,
Қан төгіліп қара жерде тоңған күн.
Елім деген қазақтарға оқ атып,
Қазақ үшін қасіретті болған күн.

Кремльдің құйтұртқысы асқан күн,
Ақ аюлар ойсыз қадам басқан күн.
Өзге елген би болам деп бетсіздер,
Қазақ қанын қара судай шашқан күн.

Мереке емес өткендерді естеу күн,
Несі айып? Ерекшелеп естеудің.
Қалайша біз мереке деп айтамыз?
Харам күнін қан төктірген Мәскеудің.

Мереке емес қырылғаны жастардың,
Ізі қалған тас майданда қандардың.
Қанды көрсе бөкірігі қозбай ма?
Адам түгіл санасы жоқ малдардың.

Қазақ қаны тас жолдарда кепкенмен,
Жүректерде сақталып тұр кеппеген.
Сондай күнді мерекелеп мәз болған,
Мисыздарды бассыз қазақ деп білем.



Пікірлер (4)

Мұрат

Әс сәляму әлейкум. Ақынмен деп не болса соны жаза берме

Дастан

Мұрат, әркім өзі біледі не жазса да. Еркіндікті шектеу жақсы нәрсе емес. Немесе нақты конструктивті пікір жаз. Ал жазғаны керемет!

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - деген жазуды басу керек (жазудың үстіне). Қаламды басып өңдеуге болады.

Модератор

Сайысқа қосу үшін bilim2019 деген ілмекті қосу керек.

Пікір қалдырыңыз

Не болып жатыр Қордайда?...

  • 0
  • 1

Не болып жатыр Қордайда?..,
Тып-тыныш жүрсе болмай ма?
Тақиясы дүнгеннің,
Өз басына сыймайма?

Толық

Жүректері жаралы

  • 0
  • 1

Тыныштық-бейбіт заманда,
Тақырып болып ғаламға.
Арыстың асыл жандары,
Бір күнде түсті сарсаңға.

Толық

Жүректері жаралы

  • 0
  • 1

Тыныштық-бейбіт заманда,
Тақырып болып ғаламға.
Арыстың асыл жандары,
Бір күнде түсті сарсаңға.

Толық

Қарап көріңіз