Өлең, жыр, ақындар

Терме

  • Bain
  • 29.04.2015
  • 1
  • 0
  • 12441
Ғақлы кәміл жігіттер,
Заманның көз сал халына.
Халыкыңның ойла файдасын,
Өзің үшін налыма.
Нашарларды жылатып,
Байлардың сатпа малына.
Көз жасына қаларсың,
Қарамасаң зарына.
Баса айтпасам болмайды.
Жүк тартатын нарыма.
Қайратың болса, ал көрсет,
Келді ыңғайлы жағыңа.
Бәйгеге қостым тұлпар деп,
Ұқсап жүрме жабыға.
Алдымен өлсең майданда,
Талас жоқ сенің бағыңа.
Көре алмаған дұспандар,
Ілесе алмас шаңыңа.
Басыңды тік бәйгеге.
Бір халқыңның ғамына.
Алаш деп ұран естілсе,
Кім бұрылмас қанына.
Фаһімлер деп айтамын,
Фарасатың барына.
Бұл уақытта кез келдік,
Заманның мұндай тарына.
Асықбасаң көрерсің
Мұны азсынсаң тағы да.
Хиянаттан бой тартып,
Шық ғаділет жағына.
Мұны істесең, шығарсың,
Абройдың тағына.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Абақтыда айт күні

  • 1
  • 1

Күзетшілер оянды ерте ақырып,
Шай алуға тұтқындарды шақырып.
Бейшаралар уқалай көзін жүгірді
Тастаған ғой тізесін әбден батырып.

Толық

Жас қазақтар, қайдасың?

  • 1
  • 2

Жатпалық, жастар, жатпалық,
Жасқанба, жолың ашылсын.
Бақшасында халықтың,
Бұлбұл боп тілің сайрасын.

Толық

Қамар сұлуға

  • 1
  • 1

Неғылам айтқан сөзім ем болмаса,
Сұнқар мен сүқсыр үйрек тең болмаса.
Сен үшін мұнша қапа болмас та едім,
Алды-артың бәрі қысқа кем болмаса.

Толық

Қарап көріңіз