Өлең, жыр, ақындар

Жас қазақтар, қайдасың?

  • Bain
  • 29.04.2015
  • 1
  • 2
  • 14751
Жатпалық, жастар, жатпалық,
Жасқанба, жолың ашылсын.
Бақшасында халықтың,
Бұлбұл боп тілің сайрасын.
Садақа басың жан пида,
Ең жаманы айдалсын.
Әр қамалға - бір зауал,
Болып бір заман айналсын.
Кешегі дұшман қаһарлы,
Ертең қор боп жай қалсын.
Ұраныңды шығармай,
Жас қазақтар, қайдасың?



Пікірлер (2)

Мұғалім

"Оян, қазақІ "өлеңі неге жоқ?

Мұғалім

"Оян, қазақ" өлеңі негежарияланбаған?

Пікір қалдырыңыз

Қамар сұлуға

  • 1
  • 1

Неғылам айтқан сөзім ем болмаса,
Сұнқар мен сүқсыр үйрек тең болмаса.
Сен үшін мұнша қапа болмас та едім,
Алды-артың бәрі қысқа кем болмаса.

Толық

Екі сұлуға

  • 1
  • 0

Ұйықтап жатып көрдім түс
Таңқалғандай бұл бір іс!
Серуен етіп аралда,
Жүреді екен екі құс.

Толық

Қазақ жерлері

  • 1
  • 1

Мың жеті жүз отыз бір сәнасында,
Біз кірдік Руссияның фанасына.
һүнерсіз бостығымыз көрінген соң,
Қызықбас кім қазақтың баласына?

Толық

Қарап көріңіз