Өлең, жыр, ақындар

Ұстазым

Болсам да ақын.
Менің де бар ұстазым.
Өзге жандардай,
Ұстаздан алғам мен тәлім.
Рахмет ұстаз,
Өзіңе шексіз алғысым.
Көзімді аштың,
Нұрыңды шаштың,
Мен үшін әркез дарасың.
Қуанам мәз боп көргенде сізді.
Өзіңді мәңгі,тұтамын үлгі.
Ұстазым менің,бәріне сіздің,
Қасиетіңді айтып мақтанам ізгі.
Кетпесін әркез жылу жүзіңнен.
Салыстыра алман өзіңді өзгемен.
Ұстазым менің анамдай болған,
Өзіңді шексіз мен жақсы көрем.
Ұстазым менің қаласың есте.
Оқушың болып қаламын менде.
Денсаулық бақыт бәрін тіледім,
Жетсін тек сіздің жасыңыз жүзге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз