Өлең, жыр, ақындар

Ұстаз

Ұстаз.

Ұлағатты ұлы менің ұстаздарым,
Өтті ғой өзіңізбен қыс жаздарым.
Үлгі өнеге жолыңызбен талпынамын,
Қабыл алың шәкіртіңнің жыр жазғанын.

Сіз арқылы таныдым тарих сырын,
Сізбен бірге үйрендім ақын жырын.
Жалықпайсыз, шаршамайсыз үйретуден,
Тәрбиенің тәртіптіктің мың бір қырын.

Ұстазым білім берер құшағың кең,
Болашаққа жол сілтеп тәрбие берген.
Небір шәкірт ізіңізден, қуа жүрген,
Қиындығын ұстаз жолын сонда білгем.

Ұлылар «Екінші ана – ұстаз» деген,
Ешкім де ұстаз сөзін бұзбас деген.
Ақылы дария, кең пейілді ұстазымның,
Сарқылмайтын білімі тозбас дерем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз