Өлең, жыр, ақындар

Көктем

  • 06.11.2019
  • 0
  • 0
  • 1439
Болмаса да тым шұғыл орындар түк,
ерте тұрам (төлдегі тәлім-тәртіп).
Қаңқылдаған әуеде сары ала қаз тауға
қарай өтеді, «горн» тартып.
Иірілер шаруаның ұршығы – мен.
Сақманға әу баста құлшынып ем.
Қошақандар тойып ап, балықтардай
балтырымды түртеді тұмсығымен.
Батыста – мал, мыңғырған, шығыста –
мал, мыңғырынан көңілің тынышталар.
Иін әбден қандырып илеуінің, ширатысқан
мұрттарын құмырсқалар.
Мұңның мені мүмкін бе иектері?
Мұндай бола қоймайды күй өтпелі:
құшағына қыз – самал енген сайын,
балқи түсер таулардың сүйектері.
Айналаны алғанша ымырт қамап,
гүлдеп жатқан кең Дала – түлікке бап.
Қалпағыңа, шешсең-ақ, бұл маусымның
үлгереді торғайы жұмыртқалап...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мерей

  • 0
  • 0

Ауылым, болушы еді күнде боран...
Өзгеріп кетті қазір мүлде балаң.
Қаздардың қаңқылынан қаймақ жалап,
Түнде сәл Ай сәулесін тыңдап алам.

Толық

Жаза

  • 0
  • 0

Көбелектің қызықтап бұла шағын,
көтереді бәйшешек шынашағын.
Желге ілесіп, күнұзақ дала кезер,
желкілдетіп шудасын түйе-сағым.

Толық

Сол бір қыздың соңынан бақ шұбалып!

  • 0
  • 0

Сол бір қыздың соңынан бақ шұбалып!..»...
Ойлай берем: «сол ғана – нақ сыңарым...»...
Көмекейім көзеден «қақшып алып»,
жатыр едім біруақ өксіп алып...

Толық

Қарап көріңіз