Өлең, жыр, ақындар

Әже көзі

  • 23.10.2019
  • 0
  • 0
  • 4383
Сабын сәндеп ораған сары жезбен,
Ақ күмістеп безеген моншақ көзбен.
Сезімдерді тіл жетпес зергерлікпен
Сөйлетуді сәулеттеп сергек сезген.

Көз тартады қыз қамшы қырғыз өрме,
Замандардан заманға болған көрме.
Домбырамен, торсықпен қатарласып,
Түзеп ойын керіліп тұрды төрде.

Топшысы да мойны , ұшы күмістелген,
Шағын тұрқы тап-таза бүгістерден.
Сонау өтміш тарихтан сыр ақтарып,
Секілденді сыбырлап дыбыс берген.

Ұстап кепті әжесі төркінінен,
Өскен ерке оң жақта өр күнінен.
Таныстырды мақтанмен отағасы,
Әже көзін әулеттің көркі білген.

Әже көзі жеткен қос ғасыр аттап,
Дәстүрге адал, салтқа адал асыл аппақ.
Аяласын ұрпағын қасиеттеп,
Марқаясың тәбәрік шашу ап қап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мектепті алтын белгімен бітірушілер

  • 1
  • 0

Болашақ сендердікі, өрендерім,
Білімнің өтедіңдер төлемдерін.
Тердіңдер әр пәннің де жақұттарын,
Тұңғиық сүңгіп жүзіп тереңдерін.

Толық

Ана жайлы елес шумақтар

  • 0
  • 0

Томпайып бейіт қалды белең қырда,
Мұра қып қолау құба көбеңді ұлға.
Білген жоқ бірақ ана сол ұлының,
Боларын құмар өрен өлең-жырға.

Толық

Әлди, әлди, ақ бөпе

  • 0
  • 0

Әлди, әлди, ақ бөпе,
Ақ бесікке жат бөпе.
Әжелерің мерейін
Тасыт, көңлін тап, бөпе.

Толық

Қарап көріңіз