Эссе және өлең-жыр байқауы

Анашыма

Өтті ғой күндер санаумен талай бес күнім,
Анашым, сені есіме алдым кешқұрым.
Студент шаққа шығарып салған сол күннен,
Жылаумен өтті қаншама түнін естідім.

Өмірде мынау арқалап келем парыздар,
Жүректе қанша өлең боп жатқан арыз бар.
Ұйқыңды төртке бөлгеннен бастап санасам,
Өтей алмаған мойнымда үлкен қарыз бар.

Сағыныш бұлты санамды торлап тастады,
Ойлай алмаймын анамнан бөлек басқаны.
Тау-тасты жарып, Сырына қарай жол салып,
Жетем деп күнде жыр төгер жүрек дастаны.

"Жүрегім, ойбай, соқпа енді",-деймін тағы да,
Жанарда моншақ таусылды күнде сағына.
"Анашым, әкем" дейтін бұл мәнді сөздерді,
Шығарам биік жүректің үлкен тағына.

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек тырнақшасыз болу керек. Кері жағдайда сайысқа түспейді.

Автор деген жері бос қалып, - авторы өзім - деген белгі басылу керек.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Қателіктер болмауы үшін нұсқаулықтармен танысып алыңыздар.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...