Өлең, жыр, ақындар

Кісі мен көлеңке

  • Bain
  • 28.04.2015
  • 1
  • 6
  • 35600
Айтайын бір тентектің әңгімесін,
Демендер:
«Сөз ғып жазған мұның несін?»
Есі ауыс көре салып, қуалады
Өзінің ұстаймын деп көлеңкесін.
Бұл қуса, көлеңкесі алыстады,
Жүгірсе, жүйріктігі қалыспады.
Қатты да, жай да қуды - ұстатпады,
Болғанша бар өнерін қарыштады.
Тентектің бір мезгілде кірді есі:
«Әуре боп қуып, маған қажет несі?»
Осылай ойлап, қайта жүріп еді,
Артынан қуды енді көлеңкесі.

* * *
Кейбіреу Қыдыр дарып, қараса бақ,
Бейне бір осы айтылған көлеңке нақ.
Қайрылмай, қарағанда, бақ-дәулетке,
Артынан қуалайды қайтарып ап.



Пікірлер (6)

Ақбота

Өте керемет

Инабат

Тамаша бәрі ұнады!

Сезім

Ахмет Байтұрсынұлы өлендері көп қой бірақ мына өлен әдемі екен

Сезім

Ахмет Байтұрсынұлы өлендері көп қой бірақ мына өлен әдемі екен

Назарбай

Ахмет Байтұрсынұлының Кісі мен көлеңке өлеңі маған ұнады

Жансаямн

Кушты екен

Пікір қалдырыңыз

Ақын ініме

  • 2
  • 10

Азырақ құлағын сал, ақын інім,
Ойымыз, рухымыз жақын, інім.
«Ағалық правосын қолыма алып,
Келемін айтайын»,— деп ақыл, інім!

Толық

Шал мен жұмыскер

  • 1
  • 2

Шал қайтты малайымен пішен шауып,
Бәлені сезе ме адам тұрған бағып.
Орманмен кешкітұрым келе жатты,
Баратын елге тура бір жол тауып.

Толық

Қарашекпен мен қой

  • 1
  • 2

Шақырды Қарашекпен Қойды сотқа,
Күймей ме біреу үшін біреу отқа,
Белгілі Қойдың тауық жемейтіні,
Жазықсыз жаза тартқан пенде жоқ па?

Толық

Қарап көріңіз