Өлең, жыр, ақындар

Ақымақ қасқыр

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1718
Қатты ашығып, бүгіліп,
Қайта-қайта сүрініп,
Келе жатты бір Қасқыр
Қыр үстінде жүгіріп.
Бір белесте кезекті
Ұстап алды Көжекті.
Жалғамақшы болды енді
Талықсыған өзекті.
Қасқыр тісін қайрады,
Көздері оттай жайнады.
Сілекейін шұбыртып,
Сақ-сақ етіп сайрады:
– Қатты ашықтым, «қарағым»,
Жайратамын, жарамын!
Керегі жоқ өзгенің,
Тойса болды тамағым.
Көжек асып-саспады,
Амал іздей бастады.
Жұтынған сол Қасқырға
Бір ұсыныс тастады:
– Әуре болып алаңдар,
Менің қандай қарам бар?
Ана қырда Қоян жүр,
Жегің келсе – соған бар.
Қасқыр тастап Көжекті,
Қырдан асып кезекті,
Жетіп барды Қоянға,
Жалғамақ боп өзекті.
– Қатты ашықтым, «қарағым»,
Жайратамын, жарамын!
Керегі жоқ өзгенің,
Тойса болды тамағым.
Қоян асып-саспады,
Амал іздей бастады.
Ақымақ сол Қасқырға
Бір ұсыныс тастады:
– Айтқан сөзді тез ұғар,
Қырағысың көзі бар.
Жегің келсе соны же –
Ана қырда Қозы бар.
Қасқыр тастап Қоянды,
Орап өтіп ояңды,
Жетіп барды Қозыға,
Ашқарақ ой оянды.
– Қатты ашықтым, «қарағым»,
Жайратамын, жарамын.
Керегі жоқ өзгенің,
Тойса болды тамагым.
Қозы асып-саспады,
Амал іздей бастады,
Ақымақ сол Қасқырға
Бір ұсыныс тастады:
– Әуре болып алаңдар,
Менің қандай қарам бар?
Ана қырда Қошқар жүр,
Жегің келсе – соған бар.
Қасқыр тастап Қозыны,
Таусылып бар төзімі,
Жетіп барды Қошқарға,
Өзі семіз, өзі ірі.
– Қатты ашықтым, «қарағым»,
Жайратамын, жарамын!
Керегі жоқ өзгенің,
Тойса болды тамағым.
Қошқар асып-саспады,
Амал іздей бастады.
Ақымақ сол Қасқырға
Бір ұсыныс тастады:
– Айтқан сөзді ұғын дәл,
Менің қандай шырым бар?
Жегің келсе соны же –
Ана қырда Құлын бар.
Қасқыр тастап Қошқарды,
Бұл жолы да бос қалды.
Жетіп барды Құлынға,
Құрып жаңа жоспарды.
– Қатты ашықтым, «қарағым»,
Жайратамын, жарамын.
Керегі жоқ өзгенің,
Тойса болды тамағым.
Құлын асып-саспады,
Амал іздей бастады.
Ақымақ сол Қасқырға
Бір ұсыныс тастады:
– Әуре болып алаңдар,
Менің қандай қарам бар?
Ана қырда Айғыр жүр,
Жегің келсе – соған бар.
Қасқыр тастап Құлынды,
Асып ой мен қырыңды,
Жетіп барып жалақтап,
Енді Айғырға ұрынды...
Айғыр асып-саспады,
Амал іздей бастады.
Ақымақ сол Қасқырға
Бір ұсыныс тастады:
– Мен мұныңнан қорқам ба?
Кетпей тұрып қолқаңда,
Тұяғыма сурет сап,
Қалдырғын бір қолтаңба.
Қасқыр мұны мақұлдап,
Артқы аяққа жақындап
Барған шақта,
Шекеге
Тұяқ тиді шақылдап.
Айғыр солай Қасқырды
Қайқайта кеп басқа ұрды.
Ақымақтың ақыры
Жанын жайға тапсырды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шортан мен мысық

  • 0
  • 0

Етікшілер нан пісірсе – обал-ды,
Наубай етік тігер болса – не қалды?
Онда іс оңбас бір рет,
Байқалған жай жүз рет.

Толық

Өкініш

  • 0
  • 0

Анамыз бір нанды
Берсе де тең бөліп,
Шығарып лаңды,
Лақтырдым мен келіп:

Толық

Мен сені қалай көрдім

  • 0
  • 0

Мен сені қалай көрдім,
Қасыңа жанай бердім.
Жалт еткен жанарыңмен
Жаныма арай бердің.

Толық

Қарап көріңіз