Өлең, жыр, ақындар

Мен сені қалай көрдім

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1150
Мен сені қалай көрдім,
Қасыңа жанай бердім.
Жалт еткен жанарыңмен
Жаныма арай бердің.
Қыздарды талай көрдім,
Саралап санай бердім.
Ерекше бір өзіңе
Қадалып қарай бердім.
Білмеймін, қалай көрдім?
Қасыма қалай келдің?
Мерейлі нұр жүзіңе
Келеді қарай бергім.
Мен сені қалай көрдім –
Бағыма балай бердім.
Сүйкімді сымбатыңа
Келеді қарай бергім.
Мен сені қалай көрдім?
Еркіңе қалай көндім?
Келісті келбетіңе
Келеді қарай бергім.
Мен сені қалай көрдім –
Салтанат сарайға ендім.
Перизат періштеме
Өзіңді балай бердім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ит пен ат

  • 0
  • 0

Жүретұғын Шаруаның үйінде
Ит Атпенен сөйлесті тар пейілмен:
«Міне, – деді ол, – қожамыз зор күйінде,
Маған қарап, қуса еді ғой сені үйден.

Толық

Кезек күту

  • 0
  • 0

Келіндерді көбіне
Қарамай жосық-жөніне,
Кінәлаймыз тумайсың деп,
Ата салтын қумайсың деп.

Толық

Жүрсең сен аясында Алматының

  • 0
  • 0

Жүрсең сен аясында Алматының,
Табасың саясында жанға тыным.
Қайтесің Қара теңіз, Қырымдарды?
Артық жер Алматыдан бар ма, күнім?

Толық

Қарап көріңіз