Өлең, жыр, ақындар

Маскүнемнің монологы

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 6220
Бұл өмірдің тылсым күші – ішімдік,
Біздер оны өзімізше түсіндік.
Бір қуаныш бола қалса, той жасап,
Дос-жаранға ішімдікті ұсындық.
Ішімдікпен көңілдерді көтердік,
Көтердік те, тұла бойға от өрдік.
Арты оның есерлікке айналды,
Істер жасап хайуаннан да бетерлік.
Есімізді келер күні жинадық,
Жинағанмен, басты шағып қинадық.
Жүз граммен шақша басты жазғанша,
Аласұрып, қара жерге симадық.
Қол дірілдеп, қалт-құлт етіп, қашты өң,
Күнде солай жүрсем-дағы аш кілең,
Ертеменен жазамын деп басты өң,
Ақырында болып кеттім маскүнем.
Ең алдымен айырылдым санадан,
Содан кейін қатын менен баладан.
Сырт айналды туыстар да, достар да,
Мені бір кез жақыным деп санаған.
Міне, менің мүсәпір боп жүрісім,
Күннен-күнге тарылуда тынысым.
Жеркенішті ит тіршілік құрысын,
Өмір сүрем, өмір сүрем кім үшін?
Іштім бірде шақырам деп шабытты,
Табанасты боламын деп бақытты.
Ақырында тұманданып көздерім,
Құшақтадым қара жер мен табытты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тойбастар

  • 0
  • 0

Егеменді, еңселі елім барда,
Жерұйықты, жұмақты жерім барда,
Шаша берсін шашуын дарқан халқым,
Баса берсін өркендеп өмір алға.

Толық

Күн мен түн

  • 0
  • 0

Күн – күйім,
Күн – тынысым,
Күн – тірегім,
Күн – бақыт,

Толық

Қыз бен жігіт келе жатыр

  • 0
  • 0

Қыз бен жігіт келе жатыр,
Түн іші,
Кібіртіктеп өнбейді бір жүрісі.
Ыстық демдер,

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер