Өлең, жыр, ақындар

Күн мен түн

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1743
Күн – күйім,
Күн – тынысым,
Күн – тірегім,
Күн – бақыт,
Күн – шабытым,
Күлкі-лебім.
Қосылып ұлы өмірдің дүбіріне,
Күн барда қуаттандым,
Дүркіредім.
Түн – түйін,
Түсінбеймін түн түнегін,
Кірпідей тікірейтіп түрпілерін,
Тыныстап жатқан тыныш тіршілікті
Жүргендей болады ылғи тінтіп өлім.
Тірлікте тыным таппай безілдеген,
Оңаша өзім қалып өзімменен,
Күндізгі көп сұмдықтар жанымды жеп,
Кездерім аз болған жоқ көз ілмеген.
Күдік пе?
Қауіп пе әлде?
Етек алып,
Қайдағы үрейлі үндер жете қалып,
Сәл ғана бостығыңды пайдаланып,
Тылсым күш құшағына кетеді алып.
Азап па?
Ауру ма әлде?
Арпалысып,
Талықсып,
Үміт нәрін тамсап ішіп,
Өң мен түс арасында жатамын бір,
Қызықты күндеріме аңсап ұшып.
Түрлі ойдың тұншықтырып алапаты,
Булығып барып-барып таң атады.
Жақтаушым, жаратушым – жарық тірлік
Бойдағы бар күдікті таратады.
Күн – күйім,
Күн – тынысым,
Күн – тірегім,
Күн – бақыт,
Күн – шабытым,
Күлкі-лебім.
Қосылып ұлы өмірдің дүбіріне,
Күнменен қуаттандым,
Дүркіредім!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бабалардың сара жолын жалғаған

  • 0
  • 0

Бабалардың сара жолын жалғаған,
Даналардың дана ойын таңдаған.
Өткен күннен сабақ алып саналы,
Елбасымыз болашақты барлаған.

Толық

Дарынға

  • 0
  • 0

Жеті жасқа жеткенің –
Бір белестен өткенің.
Отырып сен сүндетке,
Мұсылманға беттедің.

Толық

Аңшы қоян

  • 0
  • 0

Біраз аңдар келісіп,
Аюды ұстап алды да,
Сазға жығып салды да,
Жатты өзара бөлісіп,

Толық

Қарап көріңіз