Өлең, жыр, ақындар

Сырашыл сарбаз

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1348
Сабазың сыра сатты,
Сатқанда қыра сатты.
Білегін түре сатты,
Көбігін үре сатты.
Нағыз нахал болды,
Құйғаны жарты бокал болды.
Одан түскен пайдасы
Аптада атан болды.
Сабазың дәнігіп алды,
Ел сыңайына кәнігіп алды.
Өкіметке ақша өткізсе,
Өзіне жарамы қалды.
Араны ашыла түсті,
Ақшаны жасыра түсті.
Көбікті қанағат етпей,
Араны ашыла түсті.
Сабазың шын көсілді,
Сыраға су қосылды.
Көпшілік елемеді
Арамза жылпосыңды.
Сыраның дәмі кетті,
Әсерлі әлі кетті.
Сабазың селт етпестен,
Одан да әрі кетті.
Көпірте түсуі үшін,
Лепірте ішуі үшін,
Қуаты күшті екен деп,
Кекіре құсуы үшін,
Сыраға тоспа бөтен –
Ұнтақтан қосқан екен.
Тойымсыз сол сабазды
Темір тор тосқан екен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шөпшекті өлең

  • 0
  • 0

Аяп та сені аурумын қоса көптен мен,
Амалым қайсы азап та бірге шеккенмен.
Жазар ем сені, дәрі қайнатуға болмайды-ау,
Өлеңдерімнің ішіндегі ғажап шептерден.

Толық

Тап баса алмай тілегіңді түптегі

  • 0
  • 0

Тап баса алмай тілегіңді түптегі,
Көңілім бір көптен бері күпті еді.
Табыстық біз бара жатып үйіне,
Жан құрбыңның жолы неткен құтты еді?

Толық

Сен мені жамандадың

  • 0
  • 0

Сен мені жамандадың,
Сырымды бергенім жоқ.
Сүрінбей аман қалдым –
Сыныңнан өлгенім жоқ.

Толық

Қарап көріңіз