Өлең, жыр, ақындар

Шөпшекті өлең

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 668
Аяп та сені аурумын қоса көптен мен,
Амалым қайсы азап та бірге шеккенмен.
Жазар ем сені, дәрі қайнатуға болмайды-ау,
Өлеңдерімнің ішіндегі ғажап шептерден.
(Ж. ЖАҚЫПБАЕВ. Шұғынық көл. 62-бет)
Жастайымнан қиындықты көп көргем,
Көп күнімді қапалықпен өткергем.
Қара суық өтіп кейде өкпемнен,
Таңнан тұрып, масақ тергем, шөп тергем.
Келе-келе өлең қуып кеткем мен,
Ұзақ жолда талай терді төккем мен.
Қайта-қайта аяғыма оралып,
Көп сүріне берген едім шөптерден.
Ауырасың,
Сезем оны көптен мен,
Амалым не, бірге азап шеккенмен.
Әттең, әттең, дәрі жасай алмаймын
Өлеңімнің ішіндегі шөптерден...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарайды да көздеріме сыр тұнған

  • 0
  • 0

Қарайды да көздеріме сыр тұнған,
Кейбіреулер момын дейді сыртымнан.
Көкірегімді жіберсе егер ашып кеп,
Көрер еді жүрегімді бұлқынған.

Толық

Құдайым сені ғажап мүсіндеген

  • 0
  • 0

Құдайым сені ғажап мүсіндеген,
Оны ешкім менен артық түсінбеген.
Қадалып біреу саған қарай қалса,
Өң түгіл қызғанамын түсімде мен.

Толық

Үйрену

  • 0
  • 1

Ұзын құйрық инелік,
Инелікке тимелік.
Ұшақтарды жасадық
Инеліктен үйреніп.

Толық

Қарап көріңіз