Өлең, жыр, ақындар

Дабыл

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1107
Емес тіпті жағымды үн,
Керегі не дабылдың?
Мазаны алып мезгілсіз,
Шырқын бұзар дамылдың.
Ұры қайдан табылды?
Бір пысықай қағынды.
Меншік машинасына
Орнатыпты дабылды.
Біреу жанап өтсе де,
Күшік жалап кетсе де,
Дабыл ойбай салады
Таңертең де, кешке де.
Қызық көріп бала да,
Қызық көріп шаға да,
Тиіседі әдейі
Машинаға қадала.
Дүрліктіріп даланы,
Дабыл ойбай салады.
Мұндай кезде иесі
Қайтіп тыным табады?
Шеке тамыры тырысып,
Көрінгенмен ұрысып,
Шаң-шұң шығып жатқаны,
Күндіз, яки түн іші.
Көршілер де күйінді,
Пысықайға шүйілді:
«Ұры тұтсаң қоңсыны,
Көшіріп кет үйіңді».
Тығырықтан бұ түрлі
Ойға келіп ұтымды:
Машиасын пысықай
Сатып барып құтылды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ерке қыз

  • 0
  • 0

Қылығың керемет сиқырлы,
Пейіштен келдің бе?
Хор қызы секілді сүйкімді,
Сұлусың сен мүлде.

Толық

Саяжай

  • 0
  • 0

Бір күні иесіне
Саяжай былай деді:
«Жаратқан Құдай мені
Кім үшін, білесің бе?

Толық

Шыңға шықтым

  • 0
  • 0

Мен өзім табиғатқа шын ғашықпын,
Сол үшін көк тіреген шыңға шықтым.
Көзімді тарта берді күн шығыс жақ,
Білмеймін, кімге асықтым, кімге асықтым?

Толық

Қарап көріңіз